Референдум-2022 • 16 Мамыр, 2022

Референдум өткізуді қолдайды

693 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Саясат Нұрбек, Лариса Павловец және Динара Закиева «Астана-Тазалық» ЖШС-на арнайы барып, өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Референдум өткізуді қолдайды

Кездесу барысында депу­тат­тар референдум жайлы түсі­ніктеме беріп, жұмысшылардың мұң-мұқтажын және лебізін тыңдады. Жиында референдумға қатысты тың ойлар айтылып, депутаттар Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Мәжіліс депутаты Динара Закиева көпбалалы ананың әлеу­меттік жағдайына байланысты сұрағына жауап беріп, алдағы уақытта мәселенің ше­шілуін өз бақылауына алатынын мәлімдеді.

Басқосу кезінде депутат­тар жалпыхалықтық референ­дум­­­ның маңызына тоқталып, еңбек ұжымына дауыс беру­дің ере­желері мен шартта­рын түсіндірді. Кездесуде қатысу­шы­­лардың сұрағына нақты жауап берген Мәжіліс депутат­тары әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды. Атап айт­қанда, суперпрезиденттік бас­қару формасынан түпкілікті бас тарту, Президент туыста­ры­ның квазимемлекеттік сек­тор мен мемлекеттік қыз­метте басшылыққа тағайындал­май­тындығы жөніндегі өзгертулерге кеңінен түсініктеме берді.

- Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі;

- «Өлім жазасына» тыйым салу;

- Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкіл­­дері, әскери және Ұлттық қа­уіп­­сіздік қызметшілері ешқан­дай партияның, қоғамдық бір­­лестіктердің мүшелігінде бол­мауға тиіс.

Сонымен қатар шарада депутаттармен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жө­нін­дегі республикалық референ­думды қолдауға қатысты сал­мақты дәлелдер мен шынайы себеп­тер айтылды.

Ұйым қызметкерлерінің жы­лы шырайы мен ел тағдырын айқын­­­дайтын осынау маңызды ке­­­­зеңде белсенділік танытуы қыз­­­­­­­­мет­керлердің азаматтық ұс­та­­­­­ны­­мының дұрыстығын дә­лел­дейді.

Шара соңында арнайы қа­ғаз­ға ұсыныстар мен талап-ті­лек­тер жазылды.

Мәселенің басым бөлігі бас­па­­на, зейнет жасын азайту және жа­­­лақы мөлшерінің аздығы болды.

Кездесу соңында ұйым қыз­­меткерлері депутаттарға өз ықы­­лыстарын білдіріп, жалпы­ұлт­тық референдум өткізу бастамасын қол­дайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатынын жеткізді.