16 Сәуір, 2014

Партия фракциясының отырысы

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Ақ жол» ҚДП фракциясының кезекті отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан тағайындалған депутаттар Е.Каппель, Н.Нестеров, З.Саяпова, Ю.Тимощенко қатысты. Отырыс өңірдегі партия филиалдарының қатысуымен бейнеконференция байланысы режімінде өтті. Осы жылдың 28 наурызында осы депутаттық топпен және фракция арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан тағайындалған Мәжіліс депутаттары «Ақ жол» фракциясының отырыстарына қатысуға шақырылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясы, заң­шы­ға­рушылық жұмысты қоса алғанда, елі­міздің қоғамдық өміріне бар­лық ұлыс пен ұлт өкілдерінің қаты­суын қам­тамасыз ететін бірегей институт. «Ассамблеядан тағайындалған депу­тат­тардың партиядан тыс мәртебесі олар­ға саяси жағдаяттарды емес, парасатты ой және жеке көзқарастарын бас­шы­лыққа алуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі көппартиялы Парламентте өте маңызды. ҚХА-дан тағайындалған депутаттар дәл осы қағидатты негізге ала отырып, біздің ұсыныстарымызды қолдағандары жайлы мысалдар жеткілікті», – деп атап өтті де­мо­кратиялық фракцияның төрағасы Азат Перуашев. Отырыс барысында депутаттық сауал­дарды бөлу және мәтіндерін бекі­ту, келесі пленарлық отырысқа сауал­дардың тақырыбын бекіту, бірқатар заң жобалары бойынша депутаттардың ұстанымдарын келісу, 2-оқылымда талқылауға шығарылатын Қылмыстық кодекс, қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы әрекеттер жөнінде және т.б. фракция жұмысының ағымдағы мәселелері қаралды. «Ақ жол» ҚДП ОК президиумының мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов пар­тияның жаңа бағдарламасы жобасының дайындығы туралы хабарлады, ол жобаны әзірлеу бойынша жұмыс тобына жетекшілік етеді. Орталық кеңестің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов депутаттарды және филиалдарды бағдарлама жобасын талқылау бойынша ОК пленумы осы жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында өтеді деп хабарлады. Отырыс барысында бейне-байланыс арқылы «Ақ жол» ҚДП мүшелері және Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Алматы қаласынан филиал жетекшілері сөз сөйледі. Сөйлеушілердің арасында қазақ, орыс, ингуш, украин және өзге ұлт өкілдері де болды. Демократиялық партияның бас­шы­лығы Қазақстан халқы Ассамблеясынан әріп­тестеріне алдағы уақытта шақыруды күт­пей, фракцияның кезекті отырыс­тары­­на ұдайы келіп қатысуларын ұсын­ды. «Егемен-ақпарат».