Елорда • 16 Мамыр, 2022

Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда төрінде каратэден құрлықтық біріншілік өтіп, Азия чемпионатының үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды

Жалпы командалық есеп бойынша нәтижесі мынадай:

Қазақстан құрамасының спортшылары қарсыластарына шақ келтірмей көш бастады. Екінші орынға Иран спортшылары жайғасты. Ал Қырғызстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Азия чемпионатының ашылу салтанатында Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының Президенті Омархан Өксікбаев, Халықаралық KWU ұйымының бас хатшысы Александр Пичкунов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Елорда татамиінде кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 салмақта сынға түсті.

Құрлықтық бәсекеге KAN, IFK, KWF, WKO федерациясының ішкі чемпионатта іріктеуден өткен 12 мемлекеттен 300-ден аса кіл мықтылар қатысты.

Аяна Тоғанбек