Қазақстан атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.
«Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдердегі құрдастарымен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Күні кеше балаларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға аттанғанын білесіздер. Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Қазақстан құрамасын ел ішіндегі олимпиадалардың «елегінен» өткен оқушылар таныстырды. Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды. Сондай-ақ олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері. Айта кетейік, биыл біз команданы үздіктердің үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық», деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.