Атам қазақтан қалған бір қағида бар. Ол: «Көргенді кісі көргенін, көргенсіз кісі бергенін айтады» деп келеді. Қазір қазақ баспасөзіне қажет нәрсе – сол көрегендік. Көрегендікпен қоғамдағы барды бағалап, жоқты түгендеп отыру қаламгердің басты парызы деп білеміз. Осы тұрғыдан келгенде белгілі журналист, Президент гранты мен Журналистер одағы сыйлығының лауреаты әріптесіміз Жақсыбай Самраттың ұшқыр ойынан, қарымды қаламынан туған дүниелер оқырманын селт еткізбей қоймайды. Әсіресе, оның көркем дүние мен публицистиканы ұштастыра жазып келе жатқаны сүйсінтеді. Ақиқаттың бетіне тура қарап, «Жартылай шындық өтіріктен де қауіптірек. Әдетте боямалы жартылай шындыққа қарағанда, өтірікті танып қою оңай», дейтін Т. Гиппель сөзіне зейін қойып жазған әр мақаласы мен көркем эсселерінен, сұхбаттарынан алар тағылым аз емес. Сондай жақсы дүниелердің басын қосқан әріптесіміздің жинағы «Жылдар жылжып барады...» деп аталады.
Бұл кітаптағы танымдық жазбалар үш бөлімге топтастырылған екен. Қилы-қилы тағдырларды, қызықты оқиғаларды қамтитын алғашқы бөлімде әлем таныған айтулы тұлғалармен өткізілген сұхбаттар, тарихи оқиғалар көрініс тауыпты. Соның біріншісі, өмірі өлшеусіз ұзақ деген КСРО ойран болған тұста ел тағдыры, жер тағдыры, тіл тағдыры туралы толғақты байламдарын таратып айтып: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы», деген әлем таныған Шыңғыс Айтматов туралы екен. Әңгіме үстінде қазақ пен қырғызға телқоңырдай болған текті Айтматов аласапыран тұста тәуелсіздікті баянды етудің жолы бірлік екенін арыдан қозғап: «Бетеге кетсе – бел қалады, бектер кетсе – ел қалады, ал береке кетсе нең қалады», деген қанатты сөзге тізгін тартып, қанаттас жатқан бауырларға ендігі айтары – бабалар үлгісін жалғастыру ғана қалып тұрғанын тілге тиек етіпті.
Ал қазақ ғылымының айтулы өкілдерінің бірі, аз ғұмырында артына өлмес мұра қалдырған, академик Мұрат Айтқожин туралы эсседе естілер есте ұстайтын мағлұматтар молынан. Ғылым, білім саласындағы Айтқожиндар әулеті көп жағдайда өзгені таңдандырмаса, өздері таңдана қоймайтын еврей жұртын сүйсінткен бірінен-бірі өтетін алты оқымыстының өмір жолы кейінгіге сабақ боларлық. Олар ашқан жаңалық КСРО заманында талайды тамсандырғанына нақты дәлел, дәйектер келтіреді.
Қазақ әдебиеті мен журналистикасы бірегейлерінің бірі Әнуар Әлімжанов еді. Ол қаламгерлігімен қатар, көрнекті қоғам қайраткері де болатын. Тоталитарлық дәуір делінетін мемлекет дәуірлеп тұрғанда алғырлығымен төрткүл дүниені түгендеп жүріп қазақ халқын дүние жүзіне мүмкіндігінше танытқан санаулы азаматтардың бірі де осы Әнағаң болғанын айта кетуге тиістіміз.
«КСРО-ны таратқан қазақ» деген эсседе сол Әнуар Әлімжановтың қалт-құлт етіп тұрған КСРО-ны тарату жөніндегі өзі дайындаған тарихи декларацияны депутаттар алдында жария еткені алға тартылады. Оны үнсіз тыңдағандардың арасында бұлқынғандар да, бұлт ете түскендер де аз болмағанын майдан қыл суырғандай етіп жеткізеді. Шеңбердің ішіндегі жұрттардың тәуелсіздігі шартық ой-өлшемінен биік тұрғанын болжаған Әнекең батылдықпен әлгі құнды құжатқа қол қойып, Кеңес заманының соңғы демін бітірген болатын. Сол тұста бұл – қазақтың қайсарлығын, жөні келгенде, жүйесі барға жөңкілмейтінін дәйектегені анық. Осының бәрі эсседе жан-жақты қамтылған. Сол секілді тәуелсіз Қазақ елінің жаңа бастаған тірлік-тынысына түрлі жолмен іштарлық жасаған өзгелердің өзеуреген ісіне қасқайып қарсы шыққан профессор Алдан Әйімбетов туралы жазған дүниесі кімді де болса селт еткізбей қоймайды. Журналист халқымыздың осындай асыл текті ұлын ардақтаудың кемшін соғып жатқанын алға тартып, өзіміз үлгі етіп жүрген өркениетті елдер мұндай айтулысын биікке көтеріп, үлгісін үкілеп, кейінгіге таныстырып отыратын санамызға салып, бұл жағынан кемшін соғып жататын керенаулығымызға кейістік танытады. Кітаптағы Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, өзге де жақсы-жайсаңдар туралы жазбалар да молынан. Солтүстік өңірдегі ел, жер, тіл, дін мәселесі де кең қамтылады. Бір сөзбен айтқанда, заман сөзін жариялаған жаңа жинақ қоспасыз ақиқатты, шынайы шындықты қалың жұрттың алдына тартады.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05