Оқиға • 16 Мамыр, 2022

Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен 5 қаңтар күні адамдар тобы болып Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорда қаласының үш тұрғынын ұстады.

Олар қамаққа алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.