Оқиға • 16 Мамыр, 2022

Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды

781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Қосшы қаласында пештің ішіне кіріп ойнаған 7 жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 14-інде Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел-жәрдем станциясының диспетчері хабарласып, 2015 жылғы қыз баланың көз жұмғанын айтқан.

«Анықталғандай, 14 мамырда Қосшы қаласында түскі уақытта 2015 жылғы қыз және 2014 жылғы ұл бала пештің ішіне кіріп ойнаған. Осы кезде, пештің есігі сыртынан жабылып қалған. Салдарынан 7 жастағы қыз көз жұмды, ал 8 жастағы ұл «ауыр дәрежелі гипоксия» диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласының қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.

Аяна Тоғанбек

 

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36