Аймақтар • 16 Мамыр, 2022

Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды

«Жүргізілген жедел іс-шара барысында жалпы құны 1,8 млрд теңгеден астам сома болатын «Тойота», «Хендэ», «Хонда» маркалы көліктерге арналған контрафактілік автобөлшектер қоймасы жойылды. Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Жалпы, тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді», делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Алматыда бір топ азамат танымал брендтердің атын жамылып, автокөліктердің контрафактілік бөлшектерін сатумен айналысқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратураның координациясымен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Іс сотқа жөнелтілді.