16 Сәуір, 2014

Жеңіс әндері бәрімізге қымбат

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алдағы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» «Жеңіске дейін 30 күн» атты шара арқылы үйлеріне барып, соғыс ардагерлерін құттық­тауда. Ал мереке «Мәңгілік полк» атты азаматтық-патриоттық шараларынан басталады. Бұл шараның мақсаты – соғысқа қатысқан сарбаздар жолын бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мәң­гілік полк» шарасы барысында балалары, немерелері, шөберелері соғыс ардагерлерімен бір қатарда олардың суреттерін қолдарына ұстап, сап түзеп жүреді. Сонымен бірге, бұл шараға облыс орта­лы­ғында «Жеңіс әндері» атты пат­риоттық жоба қосылды. Жобада көрсетілгендей, облыс тұрғындары орталық алаңда мереке күндері караокемен көпке белгілі соғыс кезінде туған патриоттық әндерді шырқайды. – Үш апта бойы соғыс жылдары туған және патриоттық әндерге дауыс беріледі. Қала тұрғындары патриоттық рухтағы әндерді өздері таңдайды. Біз соғысты көрген жоқ­­пыз. Аталарымыздан естіп өс­тік. Бірақ, «Жеңіс әнде­рі» бізге де жақын, – дейді ұйым­дас­­ты­ру­шы­лардың бірі Әсия Тақы­бае­ва. Дауыс беру аяқталған соң 20 ән топтамасы анықталып, 9 Ма­мыр күні «халықтық караоке» ұйым­дастырылады. Мерекеге келген қо­нақтарға әндер жинағы сыйға тар­тылады. Алаңға жиналған жұрт­шылыққа әр әннің реті мен мәтіні көрсетілетін экрандар орнатылады. Фарида Бықай, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.