16 Сәуір, 2014

Ардагерлерге арналған көмек

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Адамзатты фашистік езгіден азат еткен Ұлы Жеңістің 69 жылдығы жақындап келеді. Осы айтулы мерекеге орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге жан-жақты құрмет көрсету шаралары бастау алды. Биыл елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығын атап өту аясында жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджет қаржысы есебінен бір реттік ақшалай төлем ретінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жеңіс күніне орай қазіргі таңда Астанада тұратын 258 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 150 мың теңгеден бір реттік көмек көрсету шарасы қарастырылуда. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдемесінде: «Жеңіс күніне орай арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар ішінен төменде көрсетілген санаттарға материалдық көмек көрсету жоспарлануда. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 150 мың теңгеден; «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берi­ле­тiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы За­ңының 6, 8-баптарында мәр­тебесi берiлген Ұлы Отан соғы­сы­ның қатысушылары мен мү­гедектерiне жеңiлдiктер мен ке­пiлдер бойынша теңестiрiлген адам­дарға 20 мың теңгеден тө­ленеді», деп атап көрсетілген. Со­нымен қатар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша со­ғыс­қа қатысушыларға теңес­­ті­ріл­ген басқа да санаттағы адам­­дарға, соның ішінде соғыс жыл­дарындағы тыл еңбек­керлері, қаза болған әскери қыз­мет­шілердің отбасыларына 10 мың теңгеден бір реттік көмек көрсетіледі. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».