Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ жиында Ауғанстанға қатысты мәселені дер кезінде көтергені көңіліме қонды. Себебі бұл елдегі жағдай өте қиын болып тұр. Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсетудің маңызы зор екені баршамызға мәлім.

Ауғанстанда соғыс 1979 жылы басталды. Содан бері салыстыра зерделесек, халық саны екі есеге артқан екен. Талибандар елді екі рет басып алған кезде осындай демографиялық жағдай туындады. Билік жұртты гуманитарлық көмек есебінен тамақтандырып отырғаны белгілі. Ауғанстанға халықаралық қауымдастық қолдан келген көмекті беріп келеді.
Турасын айтайық, Ауғанстан Талибандар қолына өткеннен кейін кімдерге көмек беру керек деген сауал алдымыздан шықты. Өйткені олар мойындалмаған мемлекет есебінде болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда халықтың тоқсан пайызы аш құрсақ отырғаны белгілі. Одан бөлек бұл елде билік үшін күрестің жүріп жатқанын баршамыз жақсы түсінеміз. Бұл мәселенің де өте өзекті екені талас тудырмайды.
Байқап қарасақ, Ауғанстанда гуманитарлық апат орын алса, халық қайда барады? Босып кететіні айтпаса да түсінікті. Әйткенмен босқындар Иран мен Пәкістан елдерін ғана паналамайтыны белгілі. Олар Орталық Азияға да ағылуы ықтимал. Ал босқындар көші бет түзеген жерде радикалды көзқарастағы адамдардың қоса жүретіні ақиқат. Босқындардың арасында ниеті мен пиғылы теріс лаңкестердің де қаптап жүретіні де даусыз. Осы мәселенің барлығы да бізді алаңдатпай қоймайды.
Өткен жылы біз Ауғанстанға 5 мың тонна ұн жібердік. Одан басқа да көмек көрсетілген болатын. Бір сөзбен айтқанда, біз үшін өзектілігін жоймаған Ауғанстан мәселесі қай кезде де маңызды саналады. Сондықтан да Президенттің Ауғанстандағы жағдайды көтергені өте дұрыс қадам болды десек, еш қателеспейміз. Өйткені бұл күн тәртібінде кезек күттірмейтін проблема екені сөзсіз. Қазақстан Президенті осы жағдайды саммит қатысушыларына жан-жақты жеткізді. Жұмылып жұмыс істейтін кез келгені анық.
Еркін ТҰҚЫМОВ,
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар