Заман өзгерді. Байланыстың жетілдірілген түрі дамыды. Шындығы керек, қазір адамдар бір-біріне хат жазып жатпайды, барлығы ғаламтор арқылы атқарылуда.
Алайда, мұнымен пошта қызметі заман ағымына ілесе алмай қалып жатыр деген түсінік тумауы қажет. Пошта қызметіне ауылдық жерлерде әлі де сұраныс қалыптасып отыр. Аудандардың пошта бөлімшелерінде зейнетақы мен жәрдемақы, басқа да төлемдер жүзеге асырылуда.
Дегенмен, елімізде соңғы кездерде «Қазпошта» қызметінің төмендігі, оның жұмысын жетілдіру жөнінде әңгімелер жиі айтыла бастады. Бұл мәселе Парламенттің тұрақты комиссиясында да қаралды.
Бірақ еліміз өңірінде ырғақты жұмыс жасап жатқан пошта бөлімшелері бар екенін айтқан жөн. Соның бірі – Қазталов ауданының «Қазпошта» бөлімшесі. Біз осы ауданның пошта бөлімшесінің бастығы Жанар Табылдиеваны әңгімеге тартқан едік.
– Күні бүгінде ауданда 16 пошта бөлімшесі жұмыс жасаса, осының ішінде біреуі жылжымалы қызмет атқарады. Ауданымыз облыс орталығынан 300 шақырым шалғай жатса, ал аудан орталығынан елді мекендердің қашықтығы 100 шақырымнан асады. Әрі бұлармен қатынас жасайтын жолдар да төмен дәрежеде. Бірақ осы жағдайларға қарамастан газет-журналдар облыс орталығынан аптасына 5 рет тасымалданады. Жалпы, мерзімді баспасөздің уақтылы келуіне аудан тұрғындары дән риза.
– Енді жақында аудан тұрғындарын қуантатын тағы бір жұмыс қолға алынды. Ол – шалғайда тұратын адамдарға пошта қызметін көрсету үшін арнайы жабдықталған автокөліктің алынуы. Бұл көлікте байланыс, сейф, басқа да қызмет пайдаланушылар үшін қажетті жабдықтар орнатылған. Осы жылжымалы автокөліктің қызметін бұл күнде 500-ден астам ауыл тұрғындары пайдалануда. Нәтижесінде ауданымызда бірде-бір елді мекенде пошта орындары жабылған жоқ, – дейді «Қазпошта» мекемесінің бастығы.
Өзін Бақытқаным Сариева деп таныстырған азаматша аудан орталығынан 80 шақырым жерде шалғайда тұратынын айта келіп, жылжымалы пошта қызметінің жұмысына риза екендігін, себебі, ай сайын алатын зейнетақысын ауылға уақтылы әкелетінін және сабылып әрлі-берлі жүрмейтіндерін жеткізді.
Міне, шалғай аудандағы пошта қызметінің халыққа сапалы жұмыстар жасап жатқанына осы пікірден-ақ ой түйдік.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.
–––––––––––––––––
Суретте: пошта қызметін атқаратын жылжымалы автокөлік.

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38