Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Елімізде асыл тұқымды мал басы көбейіп келе жатыр

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде асыл тұқымды мал басы көбейіп келе жатыр

«Соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті айтарлықтай ұлғайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту есебінен асыл тұқымды малдың барлық түрлері бойынша үлес салмағы артты. Мысалы, асыл тұқымды ір қара малдың үлес салмағы ірі қара малдың жалпы басына шаққанда 7-ден 13 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстармен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың саны 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды», деді министр.

Дегенмен ол мал шаруашылығы саласының даму қарқыны еліміздің қолда бар әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтіндігін баса айтты.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Атап айтқанда, құс еті, ет және сүт өнімдері бойынша терең қайта өңдеу тек өңірлік қана емес, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік экспорттаушылардың арасында болуға мүмкіндік береді», деді Ербол Қарашөкеев.