Оқиға • 17 Мамыр, 2022

Алматыда есірткі сатқан мейрамхана аспаздары ұсталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметі бойынша, танымал мейрамхана аспаздары есірткі саудасымен айналысқан,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда есірткі сатқан мейрамхана аспаздары ұсталды

«Бірнеше апта жедел ақпаратты тексердік. Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталды. «Гашиш» сатқан элиталық мейрамханалардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М. есімді азамат жұмыс орнында ұсталды.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі заты табылды», деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

ммСонымен қатар тексеру барысында есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы аспаз-әйел анықталған. Д. есімді азаматшаның үйінен ұнтақ зат салынған пакет табылып, оның шынайы есірткі екені сот-химиялық сараптама арқылы дәлелденген.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.