Аймақтар • 17 Мамыр, 2022

БҚО-да жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге бөлінген

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Батыс Қазақстан облысындағы жол жөндеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге бөлінген

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылады. 2020 жылдан бастап, жалпы ұзындығы 248 шақырым болатын «Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге-Бейсен-Сайқын» автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Өскенбаев Үкімет отырысында.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері жұмыстар 55 шақырымда жүргізілген.

«Биылғы жылға 15 миллиард теңге бөлінген. Оның есебінен тағы 119 шақырым автожолда қозғалыс ашу жоспарлануда. Осылайша, барлығы 174 шақырым жаңа жол жабынында қозғалыс ашылады. Жұмыстарды толығымен аяқтау 2023 жылы жоспарланған», деді Қайырбек Өскенбаев.

Аяна Тоғанбек