16 Сәуір, 2014

Жаттығу. Шешім. Нәтиже

598 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар жүріп жатыр

DSC_0644 DSC_0702 DSC_0717

Қазақстан Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар өтіп жатыр. Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар 18 сәуірге дейін созылады. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Әуелі Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді және шартты жауынгерлік іс-қимыл аудандарына жеткізілді. Жауынгерлік аудандарға марш жасау барысында десантшылар басқару, өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігі мәсе­лелері шешіледі және түнде Іле өзе­нінен жүзіп өтеді. Аэроұтқыр әс­кер­­лерінің төрт гарнизоны үш ба­ғыт бо­йынша көпшақырымды марш жасайды. – Өткізіліп жатқан оқу-­жат­тығудың ерек­ше­лігі Қазақ­­­стан Республикасы Қарулы Күш­те­рінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түнде алып өту болып табылады. Оқу-жаттығуларға бар­лығы 2 мыңнан астам әскери қызметші, 500 бірлік жауынгерлік машина қатысады, олардың ішінде 100-і бронды техника, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қол­бас­шысының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов. Су бөгетін басып өтпестен бұрын бөлімшелер қарсыластың күшін  анықтау мақсатында жергілікті жерге барлау жүргізеді. Содан кейін инженерлік-са­пер­лер бригада­сының мамандары жа­ғалау аймағын минадан арылту жұмыстарын жүргізеді. Шартты қар­сыластың тылына тікұшақтан парашютпен әуе десанттары түсіріледі. Қарама-қарсы жағада орналасу және негізгі күштерді тас­тау үшін жайлы жағдай жасау мақ­сатында әскери барлау және десанттық-шабуылдау батальоны БТР-80 Іле өзенін кесіп өтеді. Ауыр және дөңгелекті техника инженерлік бөлімшелер бекіткен қалқымалы көпір арқылы алып өтіледі. Ертең оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында Аэроұтқыр әскерлерінің батальоны әскери іс-қимылдарды тауда өткізеді, пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, рейдтік іздестіру жұмыстарын, аталған аудандарда тазалау жұ­мыс­тарын  жүргізеді. «Егемен-ақпарат».