Бұл күндері Түркияның Стамбұл қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге ел құрамасынан 12 спортшы аттанып, оның бесеуі жартылай финалда жұдырықтасады. Олар:
48 кг: Алуа Балқыбекова - Севда Асенова (Болгария);
52 кг: Жайна Шекербекова - Джутамас Джитпонг (Таиланд);
54 кг: Дина Жоламан - Лакрамиоара Перишоч (Румыния);
57 кг: Карина Ибрагимова - Лин Ю-Тин (Тайпей);
70 кг: Валентина Хальзова - Алсинда Хелена Пангуан (Мозамбик).
Жартылай финал 18 мамыр, ал финал 19-20 мамырға жоспарланған.
Аяна Тоғанбек