Аймақтар • 17 Мамыр, 2022

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз полиция бекетіне өзі келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін, яғни 17 мамырда сағат 07:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Бағлан Әділбеков Ақтау полиция бекінісіне өзі келген.

«Қатардағы жауынгер Әділбеков Б.Б. ата-анасымен кездесті. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін 18 жастағы әскер қатарына шақырылған сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамыр күні кешкі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан шығып, жоғалып кеткен болатын.