Әлем • 17 Мамыр, 2022

Эквадорда 1100-ден астам адам қамауға алынды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 сәуірде Эквадорда елдің үш провинциясында жарияланған төтенше жағдай кезінде 1131 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадорда 1100-ден астам адам қамауға алынды

Президент Гильермо Лассоның шешімінен кейін құқық қорғау органдары 30 сәуір мен 13 мамыр аралығында Эсмеральдас, Гуаяс және Манаби провинцияларында қылмыстық топтарға қарсы операция жүргізді. Соның нәтижесінде қарақшылар пайдаланған 143 қару, 60 көлік тәркіленді. 

Билік қылмыспен күресті жалғастыруға бел буғандарын, операциялардың жалғасатынын мәлімдеді.