«Сейсенбіде президент Ильхам Әлиев Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, оны туған күнімен құттықтап, Әзербайжанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды», деп жазылған Әзербайжан президенті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әңгіме барысында президенттер қос ел арасындағы түрлі салалардағы қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, олардың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді.