Аймақтар • 17 Мамыр, 2022

Атырау қантты Үндістаннан сатып алуы мүмкін

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қант тапшы, ал алда жаз уақыты – көкөніс пен жемістерді консервілеу маусымы, яғни бұл үлкен мәселеге айналуы мүмкін деп хабарлайды Egemen.kz «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

Атырау қантты Үндістаннан сатып алуы мүмкін

«Наурыз-сәуір айларында Атырауға азық-түлік корпорациясы арқылы біздің қолдауымызбен «Идеал Маркет» желісі арқылы сатып алынған әрқайсысы 68 тоннадан алты вагон қант жеткізілді», дейді «Атырау» ӘКК» АҚ департаменті директоры Дмитрий ДЮ.

Қолдау көрсету кезінде біз мұның тұрақтандыру қорының өнімдеріне бекітілген бағамен сатылатын үлкен желі екеніне көз жеткіздік. Оның 40 тоннасы «Ярмарка» желісіне, 10 тоннасы «Маркоға», 5 тоннасы Қызылқоға ауданына, 2 тоннасы Индер ауданына берілді. Қанттың қалған бөлігі «Идеал Маркет» дүкендерінде 359 теңгемен, бір қолға 3 келіден аспайтын шекпен сатылады. Тапшылық Ресейдің өнім импортын шектеуіне байланысты туындады. Ал сатып алынған қант Шымкентте өндірілген.

Д.Дюдың айтуынша, қазір Үндістаннан қант сатып алу туралы келіссөз жүргізілуде, бірақ оператор әлі анықталмаған, құны туралы айту әлі ерте.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар