Референдум • 18 Мамыр, 2022

Қолдау білдірді

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда Кәсіподақтар феде­рациясының қолдауымен және «Маңғыстау облыс­тық кәсіподақтар орталы­ғы» аумақтық кәсіподақ­тар бір­лестігінің ұйымдас­тыруы­мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыру­лар­ды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысының мұнай сервистік кәсіпорындарының жұмыс берушілері мен жұмыскерлері онлайн форматта қатысты.

Қолдау білдірді

Отырысқа мұнай сервистік кәсіп­орындардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ салалық кәсіподақ­тардың аумақтық құрылымдарының төраға­лары, «Татуласу орталығының», «Заң кли­никасының» қызметкерлері қатысты.

Республикалық штабтың жетек­шісі, Кәсіподақтар федерациясы төр­­ағасының орынбасары Нұрлан Өте­шев Қазақстанның жүйелі транс­форма­циясына ықпал ететін сая­си ре­формалардың өзектілігіне тоқ­тал­ды. Сондай-ақ ол «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң нормаларын түсіндіріп өтті.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде кәсіподақ мүшелері өз­дерін толғандырып жүрген өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселен, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жергілікті кәсіподағының төрағасы Саламат Серіков осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді. Ал «Caspibitum БК ЖШС жұмыскерлерінің жергі­лікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Асхат Урисбаев алдағы өзгерістердің барлығы еңбек адамының мүддесін қорғауға, қарапайым еңбеккерлердің әлеуетін жақсартуға арналатынына сенім білдірді.

Нұрлан Өтешев кездесуде кәсіп­одақ мүшелерінің көкейінде жүр­ген көптеген мәселе көрініс тап­қанын жеткізді. Сөз соңында федерация төрағасының орынбасары ал­дағы заңнамалық өзгерістерді ақ­па­раттық-түсіндіру жұмыстарын жүр­гізуде кәсіподақтардың қызметін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қатысушылар Ата Заңға өзгерістер енгізу бойынша рес­пуб­ликалық референдум өткізу Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізудің қажеттілігін айтты.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00