Қоғам • 18 Мамыр, 2022

Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның арнайы қызметтері Қырғызстандағы әріптестерімен бірлесіп синтетикалық есірткіні Орталық Азияға тасымалдау және сату арналарының желісін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

«Арнайы операция алты ай бойы жүргізілді. Бірлескен халықаралық операциялар барысында синтетикалық препараттарды өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Нәтижесінде төрт қазақстандық пен үш қырғызстандық ұсталды», деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқармада атап өткендей, заңсыз айналымнан 31 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

Оларды сатудан түсетін шамамен алынған пайда 1,8 миллион доллардан асады.

Аяна Тоғанбек