Оқиға • 18 Мамыр, 2022

Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаскелең көшелерінде көкпар тартқан адамдар 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды  Egemen.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қала көшелерінде көкпар тартқандар қамалды

Нақтырақ айтқанда, көкпар тартқан алты адам ұсталды.

«Олар қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне қатер төндірді, сондай-ақ материалдық залал келтірді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін жауапқа тартылды. Әрқайсына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар ӘҚБтК-нің 614-бабы 1-бөлігі бойынша «көлік құралдарына кедергі келтіргені үшін» жазаланды», деді аймақтық ПД баспасөз қызметіндегілер.