Құқық үстемдігі саласында ең ірі өзгерістердің бірі – Конституциялық сот құру. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік маңызы бар өзгерістердің тағдырын Қазақстан азаматтары шешпек. Бұл - әлемдік тәжірибеде қалыптасқан ең демократиялық жол. Осы жолы референдум таңдалып отыр. Қазақстанда референдум бұрын екі рет өткізілген. Шетел тәжірибесінде де референдум институты кең тараған. ХІХ ғасырдан бері Швейцарияда 500-ден астам референдум өткен. Бұл жердегі мақсат – тағдыршешті мемлекеттік шешімдерді халықтың тікелей қатысуы арқылы қабылдау. Алдағы апталардың ішінде әрбір Қазақстан азаматы ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұнын, болашақтағы рөлін терең түсінгені жөн», деді Б. Нұрмұханов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол заң жобасында көзделген өзгерістерді бірнеше бағытқа бөлуге болатынын атап өтті.
«Бұл тұрғыда қоғам мен мемлекетті одан әрі демократияландыру, құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ саяси жүйені түбегейлі жаңғырту ескерілген. Осы ірі блоктардың ішінде жекелеген топтарға шоғырланған нормаларды атауға болады. Құқық үстемдігі саласында ең ірі өзгерістердің бірі – ол Конституциялық сотты құру. Қазіргі кезде Конституциялық сот әлемнің 70-тен астам мемлекетінде жұмыс істеп тұр. Бұл институт Еуропа елдерінде, Латын Америкасы, Африка және ТМД кеңістігінде кең тараған», деп тоқталды жұмыс тобының мүшесі.
Бақыт Нұрмұханов 1995 жылы қолданыстағы Конституцияға сәйкес Конституциялық кеңес құрылғанын, осы 27 жылдың ішінде бұл кеңес өзінің берілген өкілеттіктерінің аясында құқықтық мемлекет ұстанымдарын орнықтыру саласына лайықты үлесін қосқанын айтты.
«Алайда заман ағымы жаңа талаптар қойып отыр. Конституциялық соттың үлкен ерекшелігі – оған азаматтар, заңды тұлғалар және басқа да қоғам өкілдері жүгіне алады. Бұл өзгерісті халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын енгізудің бір нысаны ретінде қарастырған жөн. Жалпы Конституциялық сот келесі жылдың басынан жұмыс істей бастайды. Әрбір Қазақстан азаматының белгілі бір дауды шешу кезінде қолданылатын заңның әрі өзге де нормативтік-құқықтық актінің Ата Заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан күмәні болған жағдайда, тікелей Конституциялық сотқа жүгіну құқығына ие болады. Қазіргі кезде Конституциялық кеңеске 6 субъект жүгінсе, енді Конституциялық сотқа 9 субъект жүгіне алады. Яғни, азаматтар Конституциялық сотқа тікелей өздері, омбудсмен, Бас прокурор немесе жалпы соттар арқылы жүгіне алады. Осы орайда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілдерінің саны артады», деді Б. Нұрмұханов.
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар