Бүгін Халықаралық Түркі академиясында көрнекті түрколог, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жасқа толуына арналған алқалы жиын өтті. Онда түркі мәдениеті мен жазуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның еңбегі жоғары бағаланып, ғалым Түркі академиясының Алтын медалімен марапатталды.

Жиынды Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп, сөз барысында Қазақстандағы бірден бір түркологтың мерейтойын 18 мамыр – Түркі жазуы күнімен арнайы ұштастырып отырғанын қаперледі. Сонымен қатар кезінде түркологтың еңбегін Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсіреповтердің жоғары бағалағанын еске алды. «Әлі түркі, түркітану деп айтуға жұрттың батылы бармай тұрған кезде осы салаға түрен салдыңыз. Үлкен-үлкен қомақты ғылыми жаңалықтар әкелдіңіз. Түркі өркениеті мен мәдениетін зерттеп қана қоймай, демократиялы Монғолияның қазіргі заңдарының қалыптасуына үлес қосқаныңызды білеміз. Көркем әдебиетте де орныңыз бар. көркем шығармаларға кейіпкер болып жатырсыз» деген академия басшысы ғалымның бұдан да басқа еңбектеріне тоқталып, өңіріне Түркі академиясының Алтын медалін тағып, иығына шапан жапты.
Дөңгелек үстел басындағы басқосуда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары Жантас Жақыпов, Тұрсынхан Зәкенұлы, белгілі шығыстанушы Бақыт Еженхан, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшігінің бірінші хатшысы Дамба Батсуурь түркологтың Қаржаубай Сартқожаұлын мерейтойымен құттықтап, түркология ғылымындағы толағай табысы туралы әңгімеледі.
Қаржаубай Сартқожаұлы Орхон жазуларымен тікелей айналысқан, сол жазуларды экспедиция арқылы зерттеген әлемдегі санаулы ғалымның бірі. Ол көне түркі мұрасының шырақшысы секілді нәріне еркін сусындап, құнарына ене зерттеді. Моңғолияда туып, көне түркінің атажұрт топырағында өмір сүруі, түркологиямен шұғылдануы Қаржаубай Сартқожаұлының бақыты, түптеп келгенде ұлтының ырысы еді. Сол себептен де ғалымның 2001 жылы Қазақстандағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ келуі – ежелгі түркі руханиятын зерделеуге ерекше екпін берді.
Басқосу соңында Қаржаубай Сартқожаұлы Академия басшысы Д.Қыдырәлі мен өзін құттықтай келген ғалымдар мен Монғолия елшісіне алғыс білдірді.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар