Референдум-2022 • 19 Мамыр, 2022

«Өзгеріс өзімізге керек» – дейді көпбалалы аналар

559 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Бейсембаев бүкілхалықтық референдумды түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Түркістан қалалық орталық кітапханасындағы кездесуде спикер референдум туралы толыққанды әңгімелеп өтті. Көпбалалы аналарды 5 маусым күні өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шақырды.

«Өзгеріс  өзімізге керек» – дейді көпбалалы аналар

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конс­титуцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгер­тетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерді. Осылайша, Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзір­ленді, бұл – оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен тү­зетулер енгізіледі деген сөз. Енді Конституцияға өз­ге­р­іс­тер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны ха­лық, яғни оның ішінде сіздер шешесіздер. Мемлекет басшы­сының ниеті – «Жаңа Қазақстанды» бірге құру. Конс­титуцияны жаңарту міндеті де қоғамдағы сенімді арт­тырады. Жаңартылған Конституция үш нақты мақ­сатқа бағытталып отыр. Олар – заңның үстем­дігі, демо­кратиялық үдерістерді нығайту және биліктің бөлінісі мен тепе-теңдік тетігін күшейту. Айта кетерлігі, Екінші Республиканың ең маңызды құндылықтары заңмен, тәртіппен, әділдікпен байланысты. Конституция қоғамдық қатынастарға нақты әсер ету рөлін атқаруы керек. Кез келген қоғамда әділетсіздік экономикалық теңсіздіктен де ауыр қабылданады. Жалпы еліміздің өркендеуі үшін заман талабына сай жаңа өзгерістер қажет екені анық, – деді Бақытжан Жармаханұлы.

Жиынға қатысқан аналар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген қоғамдық штаб мүшесіне алғыс білдірді. Заңдық кеңестің, толыққанды түсіндіру жұ­мыс­т­арының қажеттігі  де айтылды. Елімізде оң өз­ге­ріс­тердің болғанын қалайтынын білдірген ана­лар ре­ферендумға қатысып өз таңдауларын жасай­тынын жеткізді. «Өзгеріс өзімізге керек. Консти­туция­мызға енгізі­летін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референ­дум­­ның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқық­тық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салы­нып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – бізге жүктелген жауапкершілік. Қазірден елдегі болып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрай­лылық танытпауымыз қажет»,  дейді көпбалы ана Жанар Садықова.

Сондай-ақ кездесуде көпбалалы аналар газ, жол және пәтер сатып алу бойынша өзекті мәселелердің шешілу жолдары бойынша ой-пікірлерін, тиісті сала мамандарымен байланысуға қатысты ұсыныстарын да айтты.

 

Түркістан облысы