Түркістан облысының қоғамдық штаб мүшесі Бақытжан Бейсембаев бүкілхалықтық референдумды түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Түркістан қалалық орталық кітапханасындағы кездесуде спикер референдум туралы толыққанды әңгімелеп өтті. Көпбалалы аналарды 5 маусым күні өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шақырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерді. Осылайша, Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірленді, бұл – оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халық, яғни оның ішінде сіздер шешесіздер. Мемлекет басшысының ниеті – «Жаңа Қазақстанды» бірге құру. Конституцияны жаңарту міндеті де қоғамдағы сенімді арттырады. Жаңартылған Конституция үш нақты мақсатқа бағытталып отыр. Олар – заңның үстемдігі, демократиялық үдерістерді нығайту және биліктің бөлінісі мен тепе-теңдік тетігін күшейту. Айта кетерлігі, Екінші Республиканың ең маңызды құндылықтары заңмен, тәртіппен, әділдікпен байланысты. Конституция қоғамдық қатынастарға нақты әсер ету рөлін атқаруы керек. Кез келген қоғамда әділетсіздік экономикалық теңсіздіктен де ауыр қабылданады. Жалпы еліміздің өркендеуі үшін заман талабына сай жаңа өзгерістер қажет екені анық, – деді Бақытжан Жармаханұлы.
Жиынға қатысқан аналар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген қоғамдық штаб мүшесіне алғыс білдірді. Заңдық кеңестің, толыққанды түсіндіру жұмыстарының қажеттігі де айтылды. Елімізде оң өзгерістердің болғанын қалайтынын білдірген аналар референдумға қатысып өз таңдауларын жасайтынын жеткізді. «Өзгеріс өзімізге керек. Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – бізге жүктелген жауапкершілік. Қазірден елдегі болып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпауымыз қажет», дейді көпбалы ана Жанар Садықова.
Сондай-ақ кездесуде көпбалалы аналар газ, жол және пәтер сатып алу бойынша өзекті мәселелердің шешілу жолдары бойынша ой-пікірлерін, тиісті сала мамандарымен байланысуға қатысты ұсыныстарын да айтты.
Түркістан облысы
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар