Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Жұмыссыз жастарға жұмыс бар

695 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова квота бойынша жұмыс орындарына азаматтардың жекелеген санаттарын, мүгедектер, пробация қызметі есебіндегілер, жетімдер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жұмысқа орналастыруға көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Жұмыссыз жастарға жұмыс бар

Оңтүстік астанада жыл басынан бері жұмыссыздар есебінде тұр­ған­дар 17 мыңнан асады. Осы орайда ол жұмыспен қамту және жаппай кә­сіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдарламасының қоры­­тындысымен таныстырып, биыл іске аса бастаған кәсіпкерлікті да­мы­тудың ұлттық жобасы аясында жұ­мыс­сыздарды кәсіптік оқытуға ба­сымдық беріліп отырғанын жеткізді. Бұл мақсатта жұмыс берушілердің сұранысы бойынша мыңнан астам адамды 25 мамандық бойынша оқыту жоспарланып отыр. Жаңа бизнес-идея­ларды жүзеге асырып, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 400 АЕК көлемінде 950 грант қарастырылған. Ал 12 айдан аспайтын мерзімге әлеуметтік жұмыс орындары үшін жалақының бір бөлігін жұ­мыспен қамту орталығы өтейді (бел­гіленген жалақы мөлшерінің 35 па­­­йызы). Биыл бұл бағытта 980 адам­ды қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға да бір жыл мер­зім­ге уақытша жұмыс орын­дарын құру көзделген. Жұмыспен қамту орта­лы­ғы жалақы төленетін бұл ба­ғыт­­қа биыл 5 881 адамды қамтуды жос­­парлаған.

Қалада сонымен қатар жастар мен зейнет жасына дейінгі қала тұр­ғын­да­рына жұмыс беру жобасы да жүзеге асуда. Нақты айтқанда, «Жастар тә­жіри­бесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және т.б. Осы орайда жастар практикасына алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан аспайтын 29 жасқа толған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы 30 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде төлейді. Бұл – шамамен 122 520 теңге. Бағдарламамен осы жылы 1 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Спикер 29 жасқа дейінгі жас­тарға, оның ішінде еңбек өтілі жоқ NEET санатындағы жастарға да 18 айдан аспайтын мерзімге уақыт­ша «Алғашқы жұмыс орны» жоба­сы­ның қарастырылғанын атап өтті. Жұмыспен қамту орталығынан төле­не­тін жалақы мөлшері кемінде 91 980 теңге. Бұл бағытта биыл 424 орын қарастырылған. Ал «Ұрпақтар үн­дестігі» жобасы аясында 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, жасы 29-дан аспаған білім беру ұйымдарының түлектеріне 6 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындары ашылып, кемінде 91 980 теңге төленетін болады. Онымен қамтылатындардың саны – 59. Сонымен бірге зейнеткерлік жастағы жұмыссыздар «Күміс дәуір» жобасы аясында бір жыл уақытша жұмысқа орналаса алады. Оған 633 зейнеткерді қамту көзделген.

Жұмыспен қамту орталығы жұ­мыс берушілермен рекрутинг және мақсатты бағыттар бойынша ықпал­дас­тықта. Электронды еңбек биржасында мыңнан астам хабарландыру тіркелсе, 500-ден астам кәсіпорында тұрақты бос жұмыс орындары бар. Тиісті ведомство дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері 11 894, оның ішінде 3 566 тұрақты, 8 328 жұмыссыз уақытша жұмысқа орналасқан.

Спикер сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік кө­мек­ті тағайындауға құжаттар қа­был­­дай­ты­нын жеткізді. АӘК алуға жан басына шаққандағы орташа табысы төмен (бүгінде бұл – 28 616 теңге) азаматтар қатыса алады. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам отбасынан өтініш түскен.

 

АЛМАТЫ