Қазақстан • 19 Мамыр, 2022

Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінің делегациясы Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады

Кездесуде қазақстандық делегация Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласындағы ілгерілеуі мен шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ сарапшылар Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) аудиторларының ИКАО-ның Үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберінде тәуелсіз тексеруі туралы баяндады. Онда Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 74 пайыздан 84 пайызға дейін арттырды, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15 пайызға жоғары.

ЕО Ұшу қауіпсіздігі комитетінің мүшелері Қазақстанның қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалай келе Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерін құптады.

«Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялар үшін Еуропа елдеріне ұшуға шектеулер жоқ екенін атап өту қажет. Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі бойынша қазіргі жағдайды ресми бағалауды Еуропалық Одақ осы жылғы маусымның басында жариялайды», делінген хабарламада.

Аяна Тоғанбек