«Мекеменің жедел қызметкерлеріне түрме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуге дайындық жүріп жатқаны жөнінде ақпарат түскен. «Б» жеке мекемесінің «Т» есімді жүргізушісінің автокөлігін тексеру барысында ауа компрессоры баллонынан 38 ұялы телефон табылған. Оның 30-ы – смартфон. Сондай-ақ 42 қуаттау құрылғысы, 10 сымсыз және 3 сымды құлаққап шыққан», деді РУ-170/3 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Магнис Сабыров.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі түзілді. Қазір аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.