Бизнес пен мемлекет мүддесі арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бизнес пен мемлекет мүддесі арасындағы тепе-теңдік қатаң сақталуы тиіс. Ол үшін келесі қадамдарды жасау керек. Бірінші, бақылаушы органдар қызметінің репрессивтік сипатын төмендету жөніндегі жүйелі шаралар талап етіледі. Негізсіз қудалау, құқық қорғау органдарының қысымы әлі де бар деген көптеген дабыл қағылып жатыр», деді Президент.
Оның айтуынша, кейінгі бес айда прокурорлар 100 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғаған. Бұл - тұтас 2021 жылғы көрсеткішпен шамалас. Аталған фактілер тергеу органдарының бизнесті қылмыстық қудалауға итермелейтінін білдіреді.
«Бас прокуратура кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау және әсіресе тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу фактілеріне жол бермеуді қатаң бақылауы қажет. Кәсіпкерлерді күдікті ретінде тану тәжірибесі де кең таралған, ал іс жүзінде бұл - жай ғана мүліктік даулар. Қазіргі уақытта кез келген тіркелген өтініш автоматты түрде қылмыстық іс қозғауды білдіреді. Бұл кәсіпкердің қызметін тоқтатады, инвестицияларды тежейді, іскерлік беделге нұқсан келтіреді. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл - кездейсоқтық емес, құқық қорғау органдарының теріс пиғылды қызметкерлерінің мүдделері үшін жұмыс істейтін жүйе. Мұндай мысалдар аз емес», дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық қорғау органдары ең алдымен, алаяқтық фактілерін ашуға, қаражатты жылыстату, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, қаржы пирамидаларын құру мәселелеріне баса мән беруі керектігін айтты. Сондай-ақ көлеңкелі экономикамен батыл күресу қажеттігін ескертті.
«Біз азаматтық тексерушілердің қызметін қатаң реттедік. Тәуекелдерді басқару жүйесі, тексеру парақтары, профилактикалық бақылау енгізілді. Неліктен бұл құқық қорғау органдарына қатысты жасалмайды?», деді Мемлекет басшысы.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар