«Үкіметке бизнес қауымдастықпен бірлесіп ұзақ мерзімді Салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Құжат елдегі салық салудың негізгі тәсілдерін ашып көрсетуі керек. Салық саясаты өзінің негізгі параметрлері бойынша тұрақты болуы керек. Салық төлеу процестерін оңайлатуға, цифрландыруға байланысты немесе адам факторын алып тастай отырып, оларды басқаруға ерекше назар аудару қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ол бұл жұмыстарды мұқият ойластырып жүргізу керегін және келесі жылдың басына дейін Үкіметтен салмақты ұсыныстар күтетінін айтты.