Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Киіз басу өнері дәріптелді

739 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен А.Чехов атындағы кітапханада Орталық мешітте діни сауат ашу курстарында білім алып жат­қан қыз-келіншектерге арналған «Дәстүрлі қазақ қоға­мында дамыған киіз басу өнері» шеберлік сағаты өтті.

Киіз басу өнері дәріптелді

«Адам және қоғам» қоғам­дық бірлестігінің ұйым­дас­тыруымен өткен іс-шараның мақсаты халқы­мыз­дың мә­дени дәстүрін жас­тар мен өскелең ұрпақ арасында дә­ріптеу болып табылады. Халық тұр­мысында киіз аса қажетті бұ­йым ретінде кә­деге асқан. Суық­қа төзімді ке­летіндіктен, табиғи жүннен басылған киіз үйдің жабуына, еден төсеніші ретінде пай­даланылған. Шеберлер алуан түрлі бұйымдар жасау үшін де киізді қолданған. Киізден киім тігіп, кебеже, аяққап, тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарда пайдаға асып отырған.

Қоғамдық қордың директоры Гүлім Нұрғалиеваның айтуынша, халқымыздың қол­данбалы өнерінің ерекше­­­лігін дәріптеп, киіз басу өне­рін жан­дандыруға бағыт­тал­ған шараға қатысу­шы­лар ха­лық тұрмысынан қолда­ны­сына қатысты ақпараттар алып, өндірісте кәдеге асу барысы­мен танысты. Осы орайда Г.Нұр­­ғалиева кейінгі жылдарда қол­­өнершілердің түрлі-түсті бояулармен әсем­дей отырып, сәндік бұйым­дарды пайдаға жаратуы киіз­дің өмір­шеңдігінің нышаны, дейді.

 

АЛМАТЫ