Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Пробация қызметкерлерінен жасырынған ер адам түрмеге қамалды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында пробация қызметкерлерінен жасырынған ер адам түрмеге қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пробация қызметкерлерінен жасырынған ер адам түрмеге қамалды

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында пробациялық есепте тұрғандарды тексеру мақсатында профилактикалық шара өтіп жатыр. Соның аясында пробация қызметінің мамандары жазадан жалтарған адамды қолға түсірді.

«Бұл сотталған азамат бұрын да бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Осыған байланысты оның аяғына электронды білезік тағылып, қадағалау жасалды. Соған қарамастан ер адам талапқа бағынбады», деді департаменттің Сол жағалау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Гүлжан Тәткенова.

Электронды білезіктің көмегімен ұсталған ол сот процесіне жеткізілді. Сот шешімімен оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Енді ер адам 7 ай түрмеде отырады.

Аяна Тоғанбек