Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Қызылордада 300-ден астам адамды ит қапты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылорда облысының 306 тұрғынын ит қауып алған. Жарақат алғандардың үштен бір бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 300-ден астам адамды ит қапты

Биыл облыста әртүрлі жануарлардың тістеуі, тырнауы, сілекейінен зардап шеккен 349 адам медициналық көмекке жүгінген.

«Жарақат алғандардың 31,2%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар. Мұндай оқиғалар негізінен Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында тіркелген. Жарақат алғандардың 306 жағдайы (87,6 %) итке қатысты болып отыр. Қалғаны - мысық, жылқы, мүйізді ірі қарадан алған жарақаттар», деді Қызылорда облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомствоның мәліметінше, алғашқы тоқсанда облыс тұрғындары мен жануарлар арасында жергілікті аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ.