Референдум-2022 • 20 Мамыр, 2022

Халықтың басым бөлігі референдумды қолдап отыр - Ерлан Қарин

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан саясаттанушыларының Х конгресіне қатысқан Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин алдағы референдумды халықтың басым бөлігі қолдап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықтың басым бөлігі референдумды қолдап отыр - Ерлан Қарин

«Алдағы референдумның ерекшелігі, Президент өз өкілеттіліктерін кеңейтпейтін, керісінше, оның бір бөлігін биліктің басқа институттарына бөліп беретін Конституциялық реформаға бастамашы болып отыр. Сондықтан бұл референдумның өтуіне билік мұрындық болғанына қарамастан, мұны халықтық референдум деп айтуға болады. Бұған телеграмм-арналарда және қоғамның түрлі топтары арасында жүргізілген сауалнамалар дәлел. Бұл қоғамның жаңаша бірігуінің, сондай-ақ, халықтың билікпен ынтымақтасуының айқын көрінісі», деді Ерлан Қарин.