Қоғам • 20 Мамыр, 2022

Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін жеңілдетілген автонесие арқылы көлік алған алғашқы клиенттің есімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді

Бүгін елорда тұрғыны Бекзат Тілеген жеңілдетілген автонесиемен алғашқы болып көлік алды.

Бекзаттың мамандығы инженер. Ол 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алды.

Еске сала кетсек, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Өтінімді екінші деңгейлі үш банк қабылдап жатыр.