Оралдықтар корей қызы, қазақтың келіні Ляна Тұрсынованы бұрыннан іскер әйел деп білетін. Енді ол Орал қалалық мәслихатының депутаты мандатын қолына алғалы бергі уақытта сайлаушыларының аманатын орындауда тыным таппайтын қайратты жан ретінде тағы бір қырынан танылды.
Әсілі, Ляна Алексеевна – жаратылысынан елгезек, халыққа қызмет көрсетуден асқан мерейлі міндет жоқ деп санайтын жан. Халық қалаулысы өзі депутаттыққа сайланған №16 сайлау округі тұрғындарынан түскен өтініш-ұсыныстардың бірде-бірін елеусіз қалдырған емес. Әр айдың бірінші аптасында №44 мектепте және ай сайын «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің ғимаратында тұрғындарды тұрақты қабылдайды. Кәсіпкерлік шаруасы да күнделікті назарды қажет ететіндігіне қарамастан, ол қабылдауға келген адамдардың әрқайсысын тыңдап, жылы сөзі мен көмегін аямайды.
– Өткенде «Жеңіс» шағын ауданының бір топ тұрғыны үйдің жертөлесінде орналасқан кафенің заңсыз ашылғанына шағымданды. Кешкі уақыттағы даңғаза музыка мен демалдырмайтын иістен әбден шаршадық, десті. Тиісті құзырлы орындардан, соның ішінде қалалық ішкі істер басқармасынан, ТЖ, санэпидемиология саласынан, ЖПИК-тен мамандар шақырып, тұрғындардың қатысуымен мәселені шешу жолдарын бірге қарастырдық. Кафе заңды түрде ашылған болып шықты. Тұрғындардың қойған талаптарына орай кәсіпкер тарапынан тиісті шаралар алынды. Сол тұрғын үйдің бірінші қабатында өзге де кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейтіні анықталды. Тұрғындар да риза, кәсіпкерлік те қорғалды. Қазір де бұл мәселе депутаттың бақылауында, – деді депутаттың көмекшісі Светлана Әділова.
Ляна Алексеевна депутат болып сайланғанда, сайлаушылары қала орталығына қатынайтын №1, 8, 33 қоғамдық көліктер қозғалысын қалыпқа келтіруді аманаттады. Бұл іс те оң шешілді. Сондай-ақ, сайлаушылар өз депутаттарына 6-шағын ауданындағы заңсыз базарды жою үшін сауда базарын салуды сұрап, 40 өтініш жазды. Л.Тұрсынованың ізденісі арқасында жаңадан бой көтерген сауда үйінің бір бөлігінен саяжай өнімдерін сатуға арнайы орындар бөлінді. Сауда үйінің әкімшілігі бұрын көшеде жайма базарда тұрғандардың көпшілігіне ғимараттың ішінен орындар ұсынды. Мұндай мысалдарды Ляна Алексеевнаның депутаттық қызметінен көптеп келтіруге болады. Қаланың Чапаев көшесіндегі тұрғындардың өтініші бойынша жаңа колонка қоюға септігі тиген. 6-шағын ауданда депутаттың араласуымен 2 спорт алаңы, бір балалар алаңы салынған. Округте ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыс істеуде. Бір қызығы, кеңеске мүше болған қарапайым тұрғындар қалалық мәслихаттың сессияларына қатысады. Осындай байланыстың арқасында билік пен халық арасындағы түсіністік нығая түспек.
– Білесіз бе, адамдардан алғыс естуден асқан қымбат нәрсе жоқ. Сол үшін жұмыс істеп, өмір сүруге болады, – дейді Л.Тұрсынова. – Біздің округте бірнеше аз қамтылған отбасы бар. Олардың жағдайларын көзіммен көрдім, аз қамтылған отбасыларынан да төмен жағдайда тірлік етуде. Мұндай отбасылардың ішінде мектепте оқитын ұл-қызына мемлекеттен тиісті жеңілдіктерін ала алмай отырғандары да кездеседі. Өйткені, қайсыбір балақандардың әке-шешесі жоқ, әжесінің тәрбиесінде. Енді қайсыбір отбасы толық емес, бір отбасын отағасы 4 баламен тастап кеткен, көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Осы отбасыларға Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар табыс еттік. Бірақ құттықтау шараларынан кейін кері қайтқанымызда, бір-бірімізбен сөйлесе алмай, жаман күй кештік, олардың тұрмыс-тірлігі жүректі ауыртады. Бүгінгі заманда ойын балаларының ашқұрсақ жүруі жанымды жүдетеді. Сондықтан №44 мектептен мектеп басшысы Ақжарқын Темірханованың көмегімен осы отбасыларға көмек көрсететін пункт аштық. Қазірдің өзінде 50-60 пакет киім-кешек, ойыншық жиналды. Енді картоп, макарон өнімдерін сатып алып, жиналған затты тұрмысы төмен жаңағы отбасыларға үлестіреміз. Облыстық «Орал өңірі» газеті арқылы өздеріңіз кимейтін, бірақ лақтырып тастауға қимайтын киімді, өзге де заттарды №44 мектептегі пунктке тапсыруға болатынын жеткізгім келеді.
Светлана Тілепбергенқызының айтуынша, депутаттың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі екі тұрғынға кәсіпкер Ақылбек Бисембаевтың демеушілік көрсетуімен 2 мүгедек арбасы сыйға тартылған. Енді кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі 6 жанға дәрі-дәрмек алуға әрқайсысы 5-10 мың теңге шамасындағы сертификат табыс етпек. Ляна Алексеевнаның бастауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы, шахматтан жарыс өтті. Оның қабылдауына жұмысқа тұруға және құжат алуға көмек сұрап келетіндер көп. «Депутат олардың бірде-бірін елеусіз қалдырмайды, барлығының мәселесі бойынша тиісті орындарға қоңырау шалып, мәселені шапшаң шешуге ұмтылады. Осыдан-ақ мәселенің бәрін ақша емес, адамға деген ілтипат шешеді дегің келеді», дейді ағынан жарылған Светлана Тілепбергенқызы. Л.Тұрсынованың көмегімен Самал Жұбатова деген жас №13 мектепке мұғалім, 3-топтағы мүгедек Абат Бекеев №34 мектепке күзетші болып орналасқан. Ал Нүргүл Мұханбеталиева есімді жас ана жұбайы қайтыс болып, бір баласымен ауылдан қалаға келгенінде ешбір құжаты болмаған екен. Оның жеке бас куәлігі, асыраушысынан айырылды деген құжаты Ляна Алексеевнаның көмегімен жасалып, Нұргүлдің өзі кафеге жұмысқа, баласы мектепке орналастырылған.
Халық сеніміне селкеу түсірмеуді ойлайтын Л.Тұрсынованың алдағы уақытқа жоспары көп. Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің бизнесіне қатысты түйткілді мәселелер болып жатса, оларды шешуге көмек қолын созбақ.
– Уақыт тапшы, жұмыс ауқымды, бірақ шаршауға болмайды. Кәсіпкерлігімде маусымдық жұмыстарды ескергенде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырмын. Олардың да тұрмыс-тірлігі назарымда. Жағдайы нашар болып жатса, өнікті еңбек ете алмайды. Ал тамақтану жүйесінде сапа мен мінсіз қызмет бірінші орында, – деді асханалар мен ресторандар жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген Ляна Алексеевна.
Ол өзін алдымен сүйікті жар, бақытты ана, абзал әже санайды. Әйел заты үшін отбасындағы берекелі өмір бәрінен биік. Содан кейін кәсіпкер ретінде ел-жұртқа пайдам тисін деген қағиданы ұстанады. Өзінің айналасындағы адамдарға қолынан келгенінше көмек қолын созып, жүрек жылуын аямайтын халық қалаулысы әр кез сенім үдесінен шығуды мақсат тұтады. Сондықтан Ляна Тұрсынованың шаршауға уақыты да жоқ.
Мәншүк ЕРМҰҚАНОВА, «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
– Қоғамдық бірлестігімізде көп балалы, «Алтын алқалы» 14 зейнеткер ана бар. Биыл біздің көпұлтты бірлестігіміздің құрылғанына 5 жыл толып, жақында үлкен концерт қойдық. Қаладағы мектептер мен колледждерге барып, патриот-тық, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бағытында жұмыстанудамыз. Бірлестік мүшелері Орал шаһарының бір қиырынан және қала маңындағы Желаев, Селекционный, Круглоозерный ауылдарынан ардагерлер клубына немесе мектептерге қатынайды. Қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру қиындықтар туғызатын. Осы мәселені қалалық мәслихаттың депутаты Ляна Тұрсыноваға айтып, өтініп едік, оң шешімін тауып отыр. Жүзі ғана емес, жүрегі де жылы іскер қызымызға алғысымызды айтып, батамызды берудеміз.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
журналист.
ОРАЛ.
–––––––––––
Суретте: Ляна Тұрсынова.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше