Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жыл басынан бері күйік шалған 6 бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған

Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Орындық Сиплованың айтуынша, биыл балалар арасында күйік шалу фактілері көбейген.

«Былтырғы 4 айда 137 баланы күйік шалған болатын. Олардың арасынан бірде-бір бала қайтыс болмаған еді. Ал, биылғы қаңтар-сәуір айларында күйік шалған 185 дерек тіркелді. Оның ішінде 6 бала қайтыс болды. Өткен жылғы 4 айда ауруханаға химиялық күйік алған балалар түспеген еді. Биылғы осы кезеңде осындай жарақатпен 9 бала түсті. Былтыр 50 бала термиялық күйікпен аурухана дәрігерлеріне жүгінсе, биыл олардың саны 88-ге жетті. Балаларды күйік шалудың басты себебі – ата-аналардың балаларының әрекетіне немқұрайлық танытуы», деп түсіндірді Орындық Сиплова.

Соңғы жаңалықтар