Қоғам • 21 Мамыр, 2022

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді

31 рет көрсетілді

Конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл пікірдің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова айтты.

«5 маусым баршамыз үшін маңызды күн болмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Өзгерістердің барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Өйткені реформалар халықтың талап-тілегіне арналған. Ел сеніміне ие болмай, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Президент ұсынған реформалар стратегиялық маңызға ие. Екінші республиканы құру жолында біз адалдық пен әділетті болу қағидаларын қатаң ұстануымыз керек», деді Г. Нұрымова.

Осы орайда ол алдағы басты қадамдарға тоқталды.

«Біріншіден, әр адамға тең мүмкіндік беріледі. Яғни, жасанды монополияға жол берілмей, халық арасында шынайы бәсекелестік артатын болады. Сонымен қатар, әкімдер сайлауын енгізу мәселесі де халықтың көңілінен шығып отыр. Бұл әкімдер сайлауы былтырдан бері елімізде тәжірибеге енгізілді», деді депутат.

«Тағы бір маңызды өзгеріс аясында Мемлекет басшысы жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қоюды ұсынды. Бұл дегеніміз, өз өкілеттіктерін қысқартып, мемлекетіміз суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшеді деген сөз. Осы ретте Парламенттің рөлі күшейіп, депутаттарды сайлау жүйесіне де өзгерістер енгізілмек. Мысалы, Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына қатысу үшін партия мүшесі болу міндетті болатын. Ендігі кезекте, міндетті түрде партияға мүше болмай, депутаттыққа сайлауға үміткер ретінде қатыса алады. Жалпы конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді», дейді Гүлдара Нұрымова.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 11:55

Уақытпен бірге түлеген

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Баладан қашқан безбүйрек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Студенттер ара бағып жүр

Білім • Бүгін, 08:28

Маса мазаны ала бастады

Аймақтар • Бүгін, 08:27

Қалыпты ұйқы – қуат көзі

Қоғам • Бүгін, 08:26

Берешек – 24,3 млрд теңге

Экономика • Бүгін, 08:24

Ұқсас жаңалықтар