Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлерінің мәліметінше, құтқарушылар бала жоғалғаннан кейін екі сағаттан соң шақырылған.
«Шамамен, сағат 16:00-де сәби жеке тұрғын үй ауласынан жоғалып кетті. Туыс-туғандары іздегендерімен, еш жерден таба алмады. Олар органдардан 18:15-те көмек сұраған. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар және кинологтар барды. Өкінішке қарай, ұл баланың денесі өзеннен табылды. Үй осы өзенге жақын жерде орналасқан», делінеді ТЖБ хабарламасында.
Сәби 29 мамырда екі жасқа толар еді.
ТЖБ мамандары ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды, төтенше жағдай кезінде дереу 101 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Аяна Тоғанбек