Өнер • 22 Мамыр, 2022

Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қайта құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz. Мұндай бастаманы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтеріп отыр.

Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

«Қазіргі уақытта Кино орталығы танымал кинематографистермен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрылымында болған «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бастамасын көтерді. Бұл мәселе бүгінде барынша өзекті деп санаймыз», деп атап өткен еді ұйымның баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ал «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың айтуынша, бұл үшін аталған бірлестіктің құрылымына, қаржыландырылуына және қызметіне қатысты мәселелерді шешу қажет.

«Біз бұл идеяның негізгі бастамашысы ретінде қазірдің өзінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен әңгімелестік және де министрліктен болашақ бірлестіктің заңды мәртебесін келісуді сұрайтын боламыз», деді Есетжан Қосыбаев.

Аяна Тоғанбек