Аймақтар • 22 Мамыр, 2022

Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын шайып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

Оқиға Сарқан ауданына жетпей, Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылынан кейінгі Еңбек ауылының маңында болған.

Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аяна Тоғанбек