Референдум-2022 • 23 Мамыр, 2022

Өңіраралық көшпелі кездесу өтті

468 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістанда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың ұйымдастыруымен өңіраралық көшпелі кездесу өтті.

Өңіраралық көшпелі кездесу өтті

Кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыс­тары және Шымкент қала­сы мәс­лихатының хатшылары, тұ­рақты комиссиялар төра­ға­лары және депутаттар, сондай-ақ облыс, қала, аудан қоғамдық кеңестері мен ардагерлер ұйымдарының төрағалары, кәсіпкерлер, жас­тар мен шаруалар, белсенді қоғам өкілдері, қоғамдық штаб мүшелері қатысты.

Референдум өткізу жөнінде ел азаматтарының алдына қо­йы­лған міндетті жүзеге асыру мақ­сатында «Қазақстан мәсли­хаттары депутаттарының бірлес­тігі» республикалық қоғамдық бір­лестігінің бастамасымен өңір­лерде қоғамдық штабтар құ­рыл­ған болатын. Бүгінде олар ел көлемінде ақпараттық-наси­хат­тық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде.

Түркістанда өткен кездесуде сол белсенді жұмыстар жөнінде де кеңінен әңгімеленді. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша өтетін бүкілхалықтық референдумның саяси маңызын насихаттау мақсатындағы кез­десуді республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Төлеу­бек Мұқашев жүргізіп отырды. «Референдум – халық билі­гі­нің айқын үлгісі, әрбір қазақ­стан­дықтың өз азаматтық ұста­нымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші республика құру идеясының референдум өткізуден бастау алуы –  тарихи оқиға. Өйткені бұл 27 жылдан кейін өткізіліп отырған екінші референдум. Бұған дейінгі Конс­титуцияға өзгерістер Пар­ламентте талқыланып, енгізіліп келген. Өткізілгелі отырған ре­ферендумның тарихи мән-ма­ңызы ол тұтастай ұлттың тағ­ды­рына қатысты мәселелерді ха­лықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тіке­лей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіз­дерін орнықтыру», деді Төлеу­бек Мұқашев. Ал респуб­ли­калық «Ардагерлер ұйымы» қоғам­дық бірлестігінің төраға­сы Бақтықожа Ізмұхамбетов референдумның ел болашағы, ұрпақ келешегі үшін қажетті­лігі­не тоқталды. Сондай-ақ кездесуде сөз алған Республикалық кәсіподақ федерациясының орынбасары Нұрлан Өтешов, Қазығұрт аудандық мәсли­хатының хатшысы Өріс­бай Көпеев, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Баха­дыр Нарымбетов, Алматы облы­сы мәслихатының депутаты Әсел Төлепбергенова, Жамбыл об­лы­сы мәслихатының депутаты Сұлтан Өсербаев, Түркістан об­лысы мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Түркі­стан облыстық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Жеңісбек  Мәу­лен­құлов өңірлерде референдумды өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Республикалық штаб ұйым­дастырған келесі кездесуге облыс кәсіпкерлері, кәсіподақ ұйымдары өкілдері қатысты. Кездесуде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, «Түркістан Болашақ» балабақша директоры, облыстық мәслихат депутаты Шолпан  Бегалиева ел тарихында өткізілетін екін­ші референдумға бір үй­дің баласындай қатысуға шақыр­ды. Ал Түркістан облысы мәсли­хаты­ның хатшысы Қайрат Бала­биев референдумнан бөлек, кәсіпкерлерге Президент тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде айта келе, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өзекті мәселелерін ортаға салды.

455

Бұл күні республикалық штаб өкілдері Сауран ауданын­да шаруалармен кездесті. Одан кейін жастармен болған кездесу­де де маусымда өтетін маңызды саяси оқиға бойынша мәні терең де мазмұнды әңгіме айтылды. Жастар елімізде кейінгі кездері болып жатқан оң өзгерістер туралы өз пікірлерін жеткізді. Сон­дай-ақ кездесулерде қатысу­шылар референдум бойынша сұрақ­тарына жан-жақты жауап алды.

 

Түркістан облысы