Қазақстан • 23 Мамыр, 2022

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы

135 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу – соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 3 шілдесіне дейін жүзеге асырылатындығын хабарлайды.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы

Аталған банктің салымшылары кепілдік берілген депозиттер бойынша өтем сомаларын «Еуразиялық банк» АҚ агент банкінің бөлімшелері арқылы және онлайн түрінде ала алады.

«Онлайн өтінішті Қор төлемдерінің элек­тронды порталы арқылы жылдам беруге болады. Сондай-ақ мұнда төленуге жататын соманы және өтініштің орындалу барысын қада­ғалауға мүмкіндік бар. Онлайн өтініш беру үшін салымшының электронды цифрлық қол­таң­басының өзекті кілті (ЭЦҚ) болуы шарт. Әрі қарай бейне-тексеруден өту қажет. Бұл ретте SMS-кодты алу үшін салымшылар ұялы телефондарын мобильді азаматтар базасына тіркеуі керек. Өтінішті онлайн беру бойынша толық нұсқаулық ҚДКБҚ сайтында қолжетімді», деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Атап айту керек, өтінішті онлайн беру банк шоттарының, төлем карточкалары мен салымдардың иелеріне ғана қолжетімді. Сәй­кесінше салымшының (сенімхат бойынша) заңды өкілдері, мұрагерлері немесе басқа да құқық иеленушілері тікелей агент банкке жүгінеді. Бұл ретте ҚДКБҚ сайтында орна­лас­тырылған тізімге сәйкес растаушы құжат­тарды ұсынады.

Кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі (2022 жылдың 3 шілдесі) аяқталған соң, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етпеген сомалары олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. Өтем ақшаны аудару «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңға сәйкес төлем мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 2 тамызына дейін жүзеге асырылады.

«Дәлелді себептермен 2022 жылдың 3 шіл­де­сіне дейін өтем алуға өтініш беріп үл­гер­меген, оның ішінде талап етпеген ақ­ша­лары БЖЗҚ-ға аударылған салымшылар жазбаша өтінішті тікелей Қорға беру арқылы өтем сомаларын алуға құқылы. Олардың қолында дәлелді себептерін растайтын құ­жаттары болуы қажет. Дәлелді себептердің тізімі «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Заңда қарастырылған», деді Әділ Өтембаев.

Толыққанды ақпаратты kdif.kz сайтындағы 1460 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сонымен қатар сауалдарды [email protected] поштасына жолдауға немесе @kdif_ask Telegram-чатына сұрақ қоюға мүмкіндік бар.