Руханият • 23 Мамыр, 2022

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Польшада өтіп жатқан «WTT Youth Contender» турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды

Осы жолы Құрманғалиев 17 жас санатындағы жарыстарға қатысты. Осы топта Джузеппе Каларконы (Италия), Егор Ларковты (Литва), Пётр Гавласты (Польша), Рохелио Кастроны (Мексика), Ли Хоюнді (Корея), Натана Ламаны (Франция) жеңіп, финалға шыққан. Бірақ кореялық О Чжун Сунға жол беріп қойды.

Бұған дейін Қарағанды қаласының спортшысы Берлинде (Германия) өткен «WTT Youth Contender» турниріне де қатысқан болатын. 15 жастағы спортшылар арасындағы жарыстар кезінде Витель Нойды (Франция), Бастиан Мейерді (Германия) жеңіп, 1/16 финалда кореялық Чой Джиуктен ұтылып қалған. Аланның жаттықтырушысы - Эльмира Әлиева.