Қазақстан • 23 Мамыр, 2022

«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды

987 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды

Қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласы бойынша – 125 өтінімді, мәдени ойын-сауық саласы бойынша  87 өтінімді, музей саласы бойынша 73 өтінімді қарастырды. Бір аптаға созылған байқау нәтижесі бүгін ресми жарияланып, фестивальдің 44 жеңімпазы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев фестивальге қатысушыларды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Бұдан бөлек, фестиваль жеңімпаздарын Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Бахытжамал Оспанова, «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қазылар алқасының төрағасы Сәуле Бөрібаева, «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдуллаұлы, Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова  марапаттап, қаржылай сыйлық табыстады.

«Рухани қазына – 2022» республикалық байқауының жеңімпаздарының тізімі:

Музей саласы бойынша

«Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» номинациясы бойынша Қызылорда облыстық тарихи - өлкетану музейінің филиалы Арал ауданық тарихи-өлкетану музейінің, Балықшылар бөлімі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациясы бойынша Алматы облысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік мәдениет, өнер музейі» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Бейнелеу өнері музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік атаулы (мемориалдық) музей» номинациясы бойынша Ақмола облысы Мәлік Ғабдуллин музейі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Балаларға арналған үздік музейлік жоба – 2022» номинациясы бойынша Ақтөбе облысы, Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық Өнер және өлке тарихы музейі, «Жас археолог» үйірмесі 500 000 (бес жүз) теңге;

«Үздік облыстық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Тілекқабылов Ерлан 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облысы Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен, қызметкері Исатаев Ерғазы Кеңесұлы, 500 000 (бес жүз мың) теңге тағайындалсын;

«Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда аудандық секторының меңгерушісі Ерғалиева Гүлбаршын Сағалиқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы құрметіне музейлер арасында» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Срымова Жанаргуль Аблайқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік креативті музейлік жоба» номинациясы бойынша Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Д.А. Қонаев атындағы музей 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік музейлік реставратор – 2022» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің суретші-қалпына келтірушісі Атыраубаев Болат Төлеубайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік экскурсия жүргізуші – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі орталығы» жалпы экскурсия бөлімінің экскурсия жүргізушісі Таусарова Дилорам Рахимовна 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік балаларға арналған музейлік жоба авторы» номинациясы бойынша Қостанай облысы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені директоры Сәрсекей Гульбану Кулетқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік қор жинақтаушысы – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Руханият Әбу Нәсір Әл-Фараби музейі, Қордағы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әбжаппар Жанболат Оралбайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік экспозиционер – 2022» номинациясы бойынша Қарағанды облысы, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі, суретші-безендірушісі Мустафина Хайниса Рахимжанқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» номинациясы бойынша Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі, Шарбақты тарихи-өлкетану музейі. Бухаидзе Александр Константинович, 300 000 (үш жүз мың) теңге;

Кітапхана саласы бойынша

«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Павлодар облысы, Павлодар қаласы С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша    Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша    Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық кітапханасы, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапханасы» номинациясы бойынша Алматы қаласы, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша  Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Балаларға арналған үздік кітапханалық жоба – 2022» номинациясы бойынша С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Қостанай облысы Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Дюсибаева Дариха Туребаевна 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Алматы облысы, Іле ауданының балалар кітапханасының кітапханашысы Сәнкеш Эльмира Ерболатқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Шақпақ баба ауылдық кітапханасының меңгерушісі Игенбаев Рысбек Анарбекұлы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапхана қызметкері" номинациясы бойынша   Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, ІІ дәрежелі кітапханашы Елекеева Құндызай Нұрланқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша   Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы Қалиола Тәтмира Самиғоллақызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы құрметіне кітапханалар арасында» номинациясы бойынша   Түркістан облысы, А.С. Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы, 500 000 ( бес жүз мың) теңге;

«Үздік балалар аудиториясына арналған кітапханалық жоба» номинациясы бойынша Атырау облысы, Қызылқоға аудандық балалар кітапханасы, 300 000 (жүз мың) теңге;

«Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Абай аудандық М.Әуезов атындағы ортапықтандырылған кітапханалар жүйесі Аймұханова Ақмарал Тілеуғазықызы, 300 000 (жүз мың) теңге;

Мәдени ойын-сауық саласы бойынша

«Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» номинация бойынша Павлодар облысы «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылық және мәдени-сауық орталығы, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі (сарайы)» номинация бойынша Алматы облысы, Кербұлақ аудандық мәдениет үйі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Үздік ауылдық мәдениет үйі, (клубы)» номинация бойынша Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қаракеңгір клуб үйі, 1 000 000 (бір миллион) теңге;

«Балаларға арналған үздік ойын-сауық» жобасы 2022 номинация бойынша Шымкент қаласы, Шымқала балалар үйірмелері 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік ойын-сауық жобасы - 2022» номинация бойынша Атырау облысы, Атырау қаласы, Саңыраулар қоғамдық клубының қызметкері Капуова Татьяна 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік көркемөнерпаздар ұжымы – 2022» номинация бойынша Батыс Қазақстан облысы, Қазталов аудандық Сәкен Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы, Жалпақтау ауылдық мәдениет үйі, Үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымының қызметкері» номинация бойынша Қостанай облысы Облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы. Ұлттық шығармашылық және жанрлар бойынша әдіскері Нағашыбай Мұрат Жақсылықұлы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» номинация бойынша Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық мәдениет үйі жанындағы «Алтын-Арай» ән-би ансамблінің жетекшісі Бурабай Руслан Әбдібекұлы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері» номинация бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Полтавка ауылдық мәдениет үйі, Аққайың ауданы Бакай Юрий Иванович 500 000 (бес жүз мың) теңге;

«Креативті маман» номинация бойынша Алиакбаров Мейіржан Нұрғалиұлы Түркістан облысы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы директоры танылып, 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Роза Бағланованың 100 жылдығының құрметіне клуб қызметкерлері арасында» номинация бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық «Мұнайшы» Ұлт аспаптар оркестрі танылып, 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Үздік  аудандық (қалалық) мәдениет үйінің режиссері» номинация бойынша Жамбыл облысы, Сарысу аудандық мәдениет үйіне қарасты  «Сарысу» халық театрының режиссері Серкебаев Нұрбол Абибуллаевич 300 000 (үш жүз мың) теңге;

«Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Жедел басқару құқығындағы Үржар ауданы әкімдігінің «Мәдениет үйі» жанынан құралған «Көңіл толқыны» ұлт аспаптар орекестрінің жетекшісі Шаяхметов Дарын Советканович, 300 000 (үш жүз мың) теңге.