Оқиға • 23 Мамыр, 2022

Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан 5 адам қаза тапты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 мамыр күні Алматы – Өскемен тас жолында жантүршігерлік апаттан 5 адам көз жұмды. Жол апаты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан 5 адам қаза тапты

Полицияның мәліметінше, жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп трактордың тіркемесіне соғылған.

«Nissan Cefiro автокөлігі Алматы облысы Текелі қаласынан Қалбатау ауылына қарай келе жатқан. Тас жолдың 959-шақырымында 36 жастағы көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, «Беларус 82,1» тракторының тіркемесіне соғылған», делінген полиция хабарламасында.

Салдарынан оқиға орнында 36 жастағы жүргізуші мен 4 жолаушы тіл тартпастан жан тапсырды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша тергеу бастады.