Қоғам • 23 Мамыр, 2022

Жеңілдетілген автонесие резервінде 8 мың көлік бар

4353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесие резервінде 8 мың көлік бар

«Алғашқы күндері Hyundai зауыты 1,8 мыңнан астам автомобильмен қамтамасыз етіп, олар бірден броньдалды. Тағы да 2,5 мыңнан астам автомобиль жеткізу жоспарланып отыр. Шілдеден бастап ай сайын 4 мыңнан астам Hyundai көлігі жеткізіледі», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Сарыарқа автоөнеркәсіп» зауытында да жағдай осындай.

«Сарыарқа автоөнеркәсіпте» 32 көлік түрі бар. Олардың Қазақстандағы автосалондарда 4 мыңнан астам көлігі тұр. Зауытта тағы 3,5 мыңнан астам автомобиль дайын. Маусым айынан бастап 6,9 мыңнан астам автомобиль жеткізіледі», деді Ербол Сейпілов.

Ал Қазақстанның автобизнес қауымдастығының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Қайрат Еламанов қазіргі уақытта 8 мың автомобильдің резервте тұрғанын айтады.

«Олардың басым бөлігі - Chevrolet. Өйткені, соңғы айларда осы марканың танымалдығы артты. Одан кейінгі орындарда - Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері тұр. Автомобиль жеткізуге қатысты айтар болсақ, зауыттар өз жоспарларымен жұмыс істеп, мүмкіндігінше өндіріс көлемін арттыруда. Жалпы, апта сайын дилерлік орталықтарға көліктер жеткізіліп жатыр. Сондықтан да резервтегі 8 мың автомобиль бүкіл бағдарламаға жасақталмаған. Яғни, апта сайын автосалондарға жаңа көліктер жеткізіледі», деді ол.